Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Астана әкімдігі қаладағы Бөгенбай батыр және Сабыр Рахымов көшелерінің қиылысындағы шағын базардың сыртын қоршамақ. Қала билігінің пайымдауынша, сауда орындары қала көркін кетіріп тұр. Ал сатушылар "базар қоршалса, алушы келмей қалады" деп қауіптенеді.
Германияда тұратын этникалық қазақ белсенді Өмірхан Алтын Азаттыққа берген сұхбатында "Шыңжаңдағы жаппай қамау мен қысым" мәселесін Еуропарламентте қалай көтергенін айтты.
Қазақстан аймақтары Астана қаласының 20 жылдық меретойына тарту әзірлеп жатыр. 2008 жылы, Астананың он жылдығына облыстар скульптуралық композициялар, скверлер, фонтандар сыйлаған болатын.
Қазақстан Білім және ғылым министрлігі "Алтын белгі" иелеріне қандай басымдылық берілетінін айтты.
21 мамырда жер заңына қарсы бейбіт митинг өтеді деген соң бірнеше қалада күзет күшейді. Қалалық әкімдік ғимараттарын таңертеңнен полиция күзетті. Астанада бірнеше азаматты полиция ұстап, Алматыда екі белсендіні ішкі істер департаментіне шақырған.
Астанада экономикалық форумға жүздеген лектор келген. Олардың лекциясын тыңдау - ақылы. Кей сарапшылар бұл жиынның пайдасы аз дейді.
Діни қызмет жөніндегі жаңа заң жобасын мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл заңға қатысты мәжіліс депутаттары мен жұрт пікірі қандай?
Астанада ұсталған белсенділер полиция тәркіленген үялы телефондарын қайтара алмай жүр. Олардың көбіне әкімшілік айыппұл салынған. Назарылыққа шыққандар заттарын іздеп жүргенде Еуропарламент өкілдері "Жаңа Қазақстан" форумы мүшелерімен кездесті.
Мәжіліс депутаттары Қазақстанда өткен наразылық туралы не деді?
Халықаралық баспасөз еркіндігі күні Азаттық тілшілері Астана жұртынан "Қазақстанда сөз бостандығы бар ма?" деп сұрап көрді
Азаттық тілшісі билік партиясының жетекшісінен Қазақстандағы жоққа тән партия бәсекесі туралы сұрап көрді.
Қазақстан президент Нұрсұлтан Назарбаев "Рухани жаңғыру" аясында шыққан жүз жаңа оқулықтың тұсаукесеріне қатысты. Бұл ел "Рухани жаңғыру" бағдарламасына 2022 жылға дейін 54 миллиард теңге бөлмек.
Астанада АҚШ доллары 332 теңгеге жетті. Ал мәжіліс "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" заң жобасын мақұлдады.
Оппозициялық саясаткерлер Уәлихан Қайсар мен Зәуреш Баталова Брюссельдегі кездесуді жақсы нышан, бірақ нәтижесін уақыт көрсететінін айтады.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Астана қаласының дамуына қатысты жиында айтқан "адам аты болмаса көшелердің атын санмен атаңдар" деген сөзіне Сенат депутаттарының пікірі.
Сарапшы, Telegram әлеуметтік желісінің белсенді пайдаланушысы Нұрлан Иманғалиев Telegram-ның өзге аналогтарынан айырмашылығы туралы айтты.
Қазақстан парламентінің мәжілісі пленарлық отырысында адвокаттық қызмет туралы заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады.
22 наурызда Астана әкімдігінің алдындағы алаңда полиция көк түсті шар ұстаған бірнеше адамды тексерді.
Азаттық тілшілері Қазақстанның кейбір министрлерінен Наурыз мейрамын қалай тойлайтындарын сұрап көрді. Астана. 20 наурыз 2018 жыл.
Қоғам белсендісі, Жер комиссиясының мүшесі Мұхтар Тайжан жер туралы заң жобасындағы даулы баптардың неге бірден өзгертілмегені туралы жауап берді.
Тағы